Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Үш апта құлдықта болған: Абай облысында психикасы бұзылған адамды жұмысқа салғандар ұсталды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында жоғалып кеткен ер адам еңбек құлдығында жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Үш апта құлдықта болған: Абай облысында психикасы бұзылған адамды жұмысқа салғандар ұсталды

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, іздеуде болған азамат 1973 жылы туған. Оның жоғалып кеткені туралы қарындасы полицияға жүгініп, психикалық ауытқуы бар екенін жеткізген.

«Ақпаратты тексеру барысында ер адамды алдап, байланыс құралдарын тартып алып, Семей қаласынан 200 шақырым қашықта орналасқан шаруа қожалығына алып кеткен екі ер адам ұсталды», - деп жазды ведомстводан.

Ер адам үш апта бойы үй шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша тіркелді.

Жәбірленуші туыстарына қайтарылды.