Фото: kzchessfederation
Түркістан облысының тумасы З.Сұлтанбек жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдылығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті, ал финалда блицте үздік атанды. Солайша үш алтын медальді қаңжығасына байлады.
Ұлдар арасындағы сайыста ел намысын астаналық шахматшы Алишер Мажкенов қорғады. Классикалық турнирде А.Мажкенов соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, ал блиц бойынша төртінші орынға ие болды.