«2023 жылдың 11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп мәлімде елордалық білім басқармасынан.
Айта кетейік, 11 желтоқсан, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер Астана қаласында ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді деп болжады.