Бұл Еуропа чемпионатында алғаш рет Аdidas Connected Ball технологиясы қолданылады. Ол арқылы VAR жүйесімен шешім қабылдау жеңілдей түседі, ал доп ішіндегі CTR-CORE ядросы формасын сақтап, ішіндегі ауаның бірқалыпты болуын бақылауға болады.
2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасының Еупопа чемпионатына қатысуға әлі де болсын мүмкіндігі бар. Ендігі үміт – Ұлттар лигасында. Ол турнирде отандастарымыз жеңіске жетсе, Германияда жалауын желбірететін Еуропа чемпионатына қатыса алады.