Спорт • 11 Желтоқсан, 2023

«Күтпеген сыйлық». Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көлікті менеджеріне сыйға тартты

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында бокс кеші өтті. Осы алаңда меценат Дулат Тастекеев кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлына  Zeekr 001 автокөлігін табыс етті, деп жазады Egemen.kz.

«Күтпеген сыйлық». Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көлікті менеджеріне сыйға тартты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақ елінің намысын әлемдік аренада қорғап, Qazaq style-ды қалыптастырып жүрген Жәнібек Әлімханұлы TAS Group компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекейге алғыс айта отырып, су жаңа көлікті менеджері Берік Сұлтанға сыйға тартты.  

«Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Сіздердің қолдауларыңызды мұхиттың арғы жағынан сезінеміз. Көп рақмет сіздерге. Дулат аға, сыйлығыңызға көп рақмет. Осы сәтті пайдалана отырып өзімнің інілігімді, қазақылығымды, бауырлығымды жасағым кеп отыр. Біз Qazaq style-ды әлем тарихында қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге қашап, жазып жүрген - Берік Сұлтан. Ол менің ағам, менеджерім. Бұл кісі болмаса біздің Qazaq style тарихы әлсіз жазылушы еді. Сондықтан осы кісіге рақмет. Темір тұлпар өзіңіздікі. Жанқош бауырым жеңіске жетсін, сәттілік», деді Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өз кезегінде Берік Сұлтан мұндай сыйды күтпегенін жеткізді. 

«Барлықтарыңыз қазақ спортының жанкүйерлері екендеріңізді білеміз. Екі үлкен белбеуді жеңіп алдық. Алдымызда Чарло (Джермалл) бар, Канело (Альварес) бар. Соларды құлатуды нәсіп етсін», деп атап өтті ол.