Фото: gov.kz
Кітап авторы Унзила Мыңбай. Қоғамға пайдасы бар кітап жазуды ол ғұмыр бойы армандаған екен. Жазғанын екі мәрте жарияламаған Ү.Мыңбайдың өз сөзінше енді күтпеген жерден спорт жұлдыздары туралы 200 беттен асатын кітап жазып шыққан, оған 6 айдан астам уақыты кеткен.
«Көпшілік әр спортшының бәсекесін 4 жылда бір рет өтетін Олимпиадада ғана тамашалайды. Алайда отандастарымыздың Олимпиадада өнер көрсету үшін төккен тері, қиыншылығы кадрдан тыс қалады. Міне осындай ерекшеліктерді қауымға таныстыруды көздедік», дейді кітап авторы.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша аталған кітап егер қоғам тарапынан сұранысқа ие болса, өзге де спортшылардың өмірбаянын жарыққа шығару жоспарланып отыр.