Экономика • 12 Желтоқсан, 2023

Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді

61 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында өңірде атқарылып жатқан іс-шаралар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде және биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Соңынан тілшілерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді

Ағымдағы жылдың 10 айын­да облыста тұрақты макро­эко­но­ми­калық жағдай сақталып тұр. Оның ішінде инвестициялық өсім – 108,2% екен. «Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәй­кес облысқа инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биылғы жылдың 10 айында облыс экономикасына 804 млрд теңге инвестиция құйылып, өсім 8,2 пайызға жеткен. «Жыл со­ңына дейін облысымызға ре­кордтық 1,1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған», деді А.Шахаров.

Биыл облыста бірқатар ма­ңыз­ды әрі ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, ERG компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатында 1973 жылдан бері жинақталған шламды өңдеу зауыты, жылжымалы бұрғылау қондырғыларын шығаратын зауыт және т.б. ірі өнеркәсіптік өндірушілер – Ақтөбе мыс компаниясы, ERG, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өз кәсіпорындарын жаңғыртуға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. «Бұл бағыттағы жұмыстар 2024 жылы да жалғасады. Жалпы, алдағы 4 жылда жалпы құны 4,1 трлн теңгені құрайтын 51 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Олардың қатарына ERG компаниясының жел стансасы, никель-кобальт рудасын өңдеу зауыты, алтын өңдеу зауыты және тағы бас­қа жобалар кіреді. Сонымен қа­тар Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес Ақтөбе әуе­жайында мультимодальді орталық құру бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүр­гі­зіліп жатыр», деді облыс әкімі.

Қазіргі күнде Ақтөбе облы­сында ауыл шаруашылығын да­­мытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Биыл өңірде осы саланы мемлекеттік қолдауға 14,5 млрд теңге бөлінді. Мал азы­ғы­на кеткен шығынды өтеуге қосымша 2,9 млрд теңге қаражат қарастырылды. Көрсетілген мем­ле­кеттік қолдаудың арқасын­да биылғы жылдың 10 айының қоры­тындысы бойынша ауыл шаруашылығында 397 млрд тең­ге­нің өнімі өндірілді. 350,1 мың гектар пайдаланылмай жат­қан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Әкім Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес ауыл шар­уа­­шылығымен айналы­са­тын шаруаларға, шағын және орта биз­неске алдағы уа­қытта да жан-жақты қолдау көрсе­тіле­тінін баса айтты. Ол өңір­дің аг­ро­өнеркәсіптік кеше­нін одан әрі дамыту жоспарына тоқ­тал­ды. «Ауыл шаруа­шы­лығы ми­нистрлігі мен Ақтөбе об­лы­сы­ның бірлескен инвес­ти­ция­лық жол картасына сәйкес 2026 жылға дейін жалпы құны 502 млрд теңгені құрайтын 93 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, алдағы екі жылда көкөністерді сақтау мерзімі мен көлемін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арт­тыруға бағытталған сүт-тауарлы фермалар, құс фаб­ри­калары мен көкөніс сақтау қой­ма­ларын салу бойынша облыс үшін маңызды жобалар жүзеге асырылатын болады», деп атап өтті А.Шахаров.

Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес облыс­та ауыл тұрғындарының әл-ауқа­­тын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ақтөбе облысында жоба екін­ші жыл қатарынан іске асырылып отыр. 2023-2024 жылдары оны қаржыландыруға 19 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 7,3 млрд теңгеге 1627 жоба ма­құл­данды. Нәтижесінде, жеке қо­салқы шаруашылықтар 219 мың­нан астам құс сатып алып, 209,8 гектар көкөніс және бақша дақылдары егілді, жалпы көлемі 1 гектардан асатын 77 шағын жылыжай салынды. Ауылдық жерлерде 101 кондитерлік цех пен наубайхана, 129 сүт цехы, 65 ет өңдейтін шағын цех және 429 басқа да түрлі шағын бизнес жобасы іске қосылды.

Жалпы, 6,6 млрд теңгелік 1 471 жобаға несие берілген. Жоба­ға ауыл тұрғындарының қызығушылығы жоғары екендігін ескерген өңір басшылығы, ал­дағы уақытта саланың жүзеге асыру ауқымын кеңейте бермек. Ауылдық жерлерде 1 210 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 062 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

«Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай халықты 100 па­йыз сапалы ауызсумен қамта­масыз етуді тапсырды. Биылғы жылдың соңына дейін 27 ауылды сумен қамтамасыз етеміз және бұл көрсеткішті 99,2 пайызға жеткіземіз. Келер жылы 11 ауылды сумен қамту жобаларын жүзеге асыру арқылы бұл көрсеткіш 99,8 пайызға жеткізілмек. Президент өз Жолдауында ауылдық елді мекендерді одан әрі газдандыру қажеттігін де атап өтті. Бүгінде об­лыс тұрғындарының 93,4 па­йы­­зы газбен қамтылған. Жыл басынан бері 17 ауыл газдандырылды, жыл соңына дейін облыс тұрғындарының 95,5 пайызын газбен қамтамасыз етеміз. Келесі жылы 8 ауылды газдандыру жос­парлануда», деді облыс әкімі.

Өңірді одан әрі дамыту үшін маңызы зор «Бұқара-Орал» газ құбырының үшінші желісін салуға арналған инфра­құ­ры­лым­дық жобаны жүзеге асыру 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Құны 43,4 млрд теңгені құрайтын жоба облыс орталығында қазірдің өзінде жылына 1,6 млрд текше метрге жететін газ тапшылығын алдағы 50 жылдың «күн тәртібінен» шығаруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Ақтөбе облысындағы жолдардың қалыпты жағдайдағы үлесі 75 пайызды құрайды. Осы жылы 33 млрд теңгеге жергілікті маңызы бар 458 шақырым жол жөнделді. «Ақтөбе-Ұлғайсын» және «Қандыағаш-Шалқар» республикалық маңызы бар ав­то­мобиль жолдарында да ірі жобаларды жүзеге асыру жал­ғасуда. 2024 жылы жергілікті ма­ңызы бар 480 шақырым жол жөнделеді.

Есепті кезеңде Ақтөбе облысында 818 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін рекордтық көрсеткіш – 1,3 млн шаршы метр­ді құрайтын тұрғын үй ел игілігіне ұсынылады. Десе де, құрылыс саласында түйін­ді мәселелер де жоқ емес. Мә­се­лен, Ақтөбе қаласындағы үлескерлердің сұрағы. Бүгінгі күні 11 нысанға жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге 540 үлескер қаражат салған. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмай отыр. Жалпы, қазіргі кезде, 11 проблемалық нысан басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде, 6 нысан бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде және 5 нысан бойынша істер сотқа жолданды. Сондықтан қиын жағ­дайға тап болған азаматтарға кө­мектесу үшін «Құрылыс коопе­ративтердің проблемалық мәсе­лелерін шешу жөніндегі Жол картасы» бекітіліп, тиісті шаралар қолға алынды.

Сонымен бірге Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәй­кес, Ақтөбе қаласы әкімдігі жа­нынан Ақтөбе құрылыс компаниясы атты уәкілетті ұйым ашу бойынша жұмыстар жүр­гізілуде. Бюджет қаражаты есе­бінен жыл соңына дейін әлеу­­мет­тік тұрғын үй құрылысы ар­­­қылы 974 пәтер пайдалануға бе­­рі­леді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтары және көпбалалы отбасылар үшін 360 дайын пәтер сатып алынды.

Қазіргі уақытта облыста үш ауысымда оқитын 4 және 5 апатты мектеп, сонымен қатар заман талабына сай келмейтін 41 ескі мектеп бар. Сондықтан облыста оқушылар орнының жетіспеушілігін жою үшін оның санын 18 мыңға дейін көбейту көзделіп отыр. «Биыл 5 мектеп пайдалануға берілді. Оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешу аясында алдағы 2 жылда 24 мың орындық 44 жаңа мектеп салу жоспарланды. Бұлармен бірге 41 ескі мектептің 6-уы бойынша нақты шешімдер қабылданды. Қалған 35 ауыл мектебінің мәселесі алдағы 5 жылда кезең-кезеңімен шешілетін болады», деді А.Шахаров.

Әлеуметтік сала туралы айт­қан ол, денсаулық сақтау са­­ла­­сын дамыту мәселесіне де тоқталды. Мәселен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 29 нысанның құрылысы жүргізілсе, оның 3-і пайдалануға берілген, тағы 5 нысан жыл соңына дейін аяқталады. Жоба шалғайдағы ауылдық елді ме­кен­дердің 15 мың тұрғынын дер кезінде медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.