Білім • 11 Желтоқсан, 2023

12 желтоқсанда бірінші ауысым оқушылары мен студенттердің сабағы қалай өтетіні белгілі болды

1455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 желтоқсанда бірінші ауысым оқушылары мен студенттердің сабағы қалай өтетіні белгілі болды

«Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 12 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», деп жазды елорда әкімдігінің білім басқармасынан.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 12 желтоқсан күні ауа температурасы 30 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз.