Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023

Күн тәртібі бекітілді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Күн тәртібі бекітілді

Соған сәйкес депутаттардың талқы­лауына трансферттік баға белгілеу мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқы­лым­да қарау ұсынылады. Заң жобасы транс­ферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, әрі капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейту мақсатымен әзірленген. Бұл халықаралық іскерлік операцияларда және олармен байланысты мәмілелерде мемлекеттік кірістің азаюын болдырмауға оң әсер етеді.

Депутаттар алдағы жалпы отырыста 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына бай­ла­нысты өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ра­тификациялау жобасын да қарайды.

Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар «Акваөсіру туралы» заң жобасы, ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша түзетулер мен бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы.