Президент • 12 Желтоқсан, 2023

«Рекордтық көрсеткіш». Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Рекордтық көрсеткіш». Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты

«Баршаңызды «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының өз мәресіне жетуімен құттықтаймын! Біз жыл сайын осы салтанатты жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Бұл – талай жылдан бері жақсы дәстүрге айналған маңызды іс-шара. Қазір Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 36 пайыздан асты. Бұл – шын мәнінде, жоғары көрсеткіш. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 4,3 миллионға жетті. Яғни еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы деген сөз», деді Қ.Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келеді.

«Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы салаға 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Өңдеу кәсіпорындарын дамытуға барынша жағдай жасалды. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке түсетін салық 5 есе артты. Осылайша, бизнес өкілдері мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды.

Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Ең алдымен, экономикамызда әділдік болуға тиіс. Сондықтан бірқатар маңызды мәселеге назар аудару қажет», деді ел Президенті.