Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

3754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов "Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп жазды Egemen.kz.

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұйрығымен спортшы жаңа қызметтің тізгінін ұстады.

Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан жалғыз бокс­шы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келінің көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған.