Алматы • 13 Желтоқсан, 2023

«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Kusto Group» компаниясының басшылығы «Qazaq tili endowment qory» қазақ тілін қолдау эндаумент-қорына 100 миллион теңге көлемінде жарна аударылғаны туралы мәлімдеді.

«Қазақ тілі» қорына – 100 миллион теңге

«Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі­нің, атап айтқанда, «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ­­мерзімді дамуын қам­та­масыз ету жөніндегі күш-жі­герін қолдаймыз. Біртұтас ұлт­­­ты қалыптастыруға ықпал ете­тін басты фактор ретінде қа­зақ тілінің дамуына лайықты үлес қосу – біз, ел азаматтары үшін үлкен мәртебе. Біз бизнес қауымдастықты осы асыл бас­таманы қолдауға ша­қы­рамыз», деді «Kusto Group» директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішевпен бірге Директорлар кеңесінің мү­ше­­лері Дәулет Нұржанов, Қанат Көпбаев, Мұрат Өтемісов, Талғат Тұрымбаев, Оразхан Қарсыбеков.

Қазақ тілін қолдау эндау­мент-қоры мем­ле­кеттік тілді қолдаумен, дамытумен ай­на­лы­сатын еліміздің ірі ұйымы Ха­­лықаралық «Қазақ тілі» қо­ға­мының бастамасымен құ­рыл­ғанын еске сала кетейік.

Эндаумент қорының ерек­ше­лігі – қорға аударылатын қара­жаттың өзі жұмсалмайды. Ол басқарылады және инвестицияланады. Эндаумент-қордың инвестициялық қыз­ме­тінен түс­кен табыс бенефициар-ұйым­ның жарғылық міндеттеріне бағыт­­та­лады. Бұл қордың қара­жатын беделді қоғам қай­рат­кер­лері, лингвист-ғалымдар мен мемлекет өкілдері қатарынан тәуелсіз қам­қор­шы­лық кеңес бақылайды.

Эндаумент-қордың кірістері Халықаралық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның жұмысын қам­тамасыз ету және мемлекеттік тілді қол­дану аясын кеңейтуге, жаң­­ғыр­ту­ға және одан әрі дамытуға бағыт­тал­ған жобалар­ды іске асы­ру үшін гранттар түрінде бағыт­та­лады.

Орайы келіп тұрғанда, «Kusto Group Pte. Ltd» (www.kustogroup.com) – Сингапурда тіркелген инвестициялық-өнеркәсіптік холдинг екенін атап өткен жөн. Бүгінде «Kusto Group» 4 құрлықтағы 9 елде мұнай-газ, тау-кен, құрылыс, даму саласында, құ­рылыс материалдарын өндіруде және ауыл шаруашылығында табысты жұ­мыс істеп жатыр.

 

АЛМАТЫ