11 Маусым, 2010

БІЛІМ БЕРУ ІСІ БІЛІКТІЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ

493 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламасын талқылау бойынша кеңес өтті. Басқосуда Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мем­ле­кеттік бағдарламаның жоба­сын жан-жақты түсіндіре келе, оның мақ­саты экономиканың және азамат­тардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қа­білеттілігін арттыру, адами капи­тал­ды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту болып табылатындығын айтты. Жиынға қатысқан Ш.Уәли­ха­нов атындағы Көкшетау мемле­кет­тік университетінің ректоры Шә­кір Ыбыраев Үкімет басшысының қа­ты­суымен талқыға түскен бұл жоба са­па­ны көтеруге, жоо-ның өз ерекше­ліктерімен дамуына мүм­кін­дік беретін құжат екендігін және аталған бағдарлама мемле­кетіміздің негізгі құжаттарының бірі болатындығына сенімді екендігін айтса, Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов білім мен тәрбиенің қатар жүретінін, жоо-да тәрбие жөніндегі мамандардың аз екендігін, аталған бағдарлама жас­тар тәрбиесіне де өз пайдасын ти­гізеді деген үмітте екендігін жеткізді. Мемлекеттік бағдарлама шең­бе­рінде педагог мәртебесін көтеру, шағын жиынтықты мектептердің даму стратегиясын жүзеге асыру, “e- learnіng” электронды оқыту мен жан басына шаққандағы қар­жылан­дыру­ды (ваучерлік) енгізу, білім беруді басқару жүйесін жұрт­шылықты тарту арқылы жетілдіру сияқты көптеген мәселелерді шешу жоспарланған. Педагог мәртебесін көтеру үшін педагогикалық қызметкерлер еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталан­ды­ру­ды арттыру қолға алынбақ. Осы­лай­ша 2016 жылы жан басына шаққандағы қаржы­ландыру арқылы мұғалімдердің жет­піс пайызы білік­тілігін арт­тыр­мақшы. Бұл өз кезе­гінде кәсіби шеберлік деңгейі бой­ынша педа­гогке қойылатын талап­тарды жоғарылатпақ. Педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етуді бақылау үшін еліміздің барлық ай­мақтарында тәуелсіз аттестациялық агенттіктер құрылады. Сондай-ақ еліміздің білім беру мекемелерінде “e- learnіng” электронды оқыту жүйе­сі енгізіліп, 2010-2015 жылдар аралығын­да әр педагог АКТ қол­дану бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтпек. 2020 жылға қарай ауылдық және қалалық жерлерде балабақша тап­шылығы толығымен шешімін таба­ды. Бұл мақсатты жүзеге асы­ру үшін мектепке дейінгі ұйым­дардың ба­ламалы – жеке меншік, отбасылық, ведомстволық, мем­лекеттік желісін дамыту көзделіп отыр. Осы бағытта басым міндет “Балапан” мемлекеттік бағдар­лама­сына артылуда. Оған қоса, оқу бағдарламалары жаңар­тылып, оқу әдістемелік кешендер әзір­ленбек. Отырысты қортындылай келе Үкімет басшысы бағдарлама жоба­сының жақсы екенін, еліміздің әрбір азаматы бұл бағдарламаны талқылауға қатысуы керектігін атады. Сондай-ақ ол Қазақстандағы білім беруді да­мытудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасын екі айдың ішінде пысықтауды тапсырды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.