Суретті түсірген А.Байжұманов
«Тәуелсіздік алған сәттен бастап трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану мен қорғау проблемасы Қазақстан үшін тұрақты және қауіпсіз дамуды қамтамасыз етудегі басым мәселенің біріне айналды. Тек біздің ұлттық қауіпсіздігіміз ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі трансшекаралық өзендер жағдайының табысты шешілуіне байланысты», деп атап өтті Жанболат Жөргенбаев.
Отырыста Су шаруашылығы және ирригация министрінің орынбасары Нұрлан Алдамжаров және тиісті өңірлер әкімдерінің орынбасарлары облыстардың су ресурстарын тиімді пайдалану туралы есеп берді.
Іс-шараға ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрлерінің орынбасарлары, өнеркәсіп және құрылыс, ғылым және жоғары білім, сыртқы істер, көлік министрліктері өкілдері, облыс әкімдіктері басшылығы, сарапшылар қауымдастығы өкілдері қатысты.
Сенатор Әли Бектаев айтылған ұсыныстар ескерілетінін және депутаттар корпусының саланы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсынымдары әзірленетінін атап өтті.