Фото: gov.kz
«Зағип жандар арасындағы биылғы біріншілікке аязға қарамастан, 13 облыс қатысты. Екі күннің ішінде 33 спортшы ерлер және әйелдер арасында өзара үздіктерді анықтады. Алдағы уақытта көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды мемлекеттермен тәжірибе алмасуды көздеп, спортшыларымызды шетке шығаруды жоспарлаймыз», деді «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы.
Турнирге Астана мен Шымкент қаласы, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Абай, Жетісу, ШҚО, Ақтөбе, Алматы, Ақмола облыстары қатысты.
Жарыс нәтижесі:
Ерлер:
- Айдар Саташев (Астана қ.);
- Данияр Сақбосынов (Астана қ.);
- Керім Бексырғаұлы (Астана қ.).
Әйелдер:
- Гүлсара Қаттыбекова (Шымкент қ.);
- Гүлмира Жетпісбаева (Астана қ.);
- Айдана Егеубаева (Абай облысы).
«Республикалық турнирге екінші рет қатарынан қатысып, 2 дүркін жеңімпаз атағына қол жеткіздім. Чемпиондық атақты қорғау үшін аптасына 5 күн тыңғылықты дайындалдым. Еңбегім еш кетпеді. Әйтсе де, қатысушылардың саны артып, әр жеңіс оңайлықпен келмеді. Бұнымен тоқтап қалмай, ары қарай да шеберлігімді шыңдай беремін», деді ерлер арасында жеңімпаз атанған Айдар Саташев.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.