Экономика • 15 Желтоқсан, 2023

«Астрахан – Маңғышлақ»: қайта жаңғыртылған құбыр

123 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бір емес, екі бірдей облыстың орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры қайта жөнделіп, іске қосылды. Осылайша, құбырдың қуаттылығы 1,5 есе артты. Пайдалануға берілген 177 шақырым құбыр Атырау және Маңғыстау облысының, сондай-ақ Жаңаөзен қаласының ауыз суға қатысты қажеттілігін өтейді.

«Астрахан – Маңғышлақ»: қайта жаңғыртылған құбыр

Премьер-министр Әлихан Смаи­лов атап өткендей, қайта жаң­ғыртылған «Астрахан-Маң­­ғышлақ» магистралды су құ­бы­ры Атырау және Маң­ғыс­тау об­лыс­та­рының халқы мен кә­сіп­орын­дары және ауыл шаруа­шы­лығы үшін тәулігіне қосымша 60 мың текше метр су беру көзіне айналады. Жоба аясында тозығы жеткен жабдық­тар­ды жаңарту жұмыстары жүр­гі­зіліп, ұзындығы шамамен 177 ша­қырым магистралды су құбы­рының екі учаскесі ауыстырылды. Құрылысқа 500-ден астам адам жұмылдырылған. Соның нәтижесінде «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 110-нан 170 мың текше метрге дейін артты.

«Су құбырын күрделі жөндеу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Оған тиімді жобалық шешімдер мен жоғары құрылыс қар­қыны нәтижесінде қол жеткізіл­ді. Бұл жоба соңғысы емес, өңірде сумен қамтамасыз етуге байланыс­ты басқа да ауқымды жобалар бар», деді Ә.Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, екі өңір үшін стратегиялық маңызы зор «Астрахан-Маңғышлақ» магис­тралды су құбырын күрделі жөн­деу белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды.

вап

«Оған тиімді жобалық ше­шім­дер мен құрылыс жұмыс­та­рын сапалы жүргізудің нәтижесінде қол жетті. Бұл осындай жобалардың соңғысы емес. Өңірде сумен қам­та­масыз етуге байланысты басқа да ауқымды жобалар бар», деді Ә.Смайылов.

Мәселен, Кендірлі кентінде жалпы қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын су тұщыту зауыты салынып жатыр. Аталған кент­тен Жаңаөзен қаласына дейін ұзындығы 105 шақырымды құрай­тын магис­тралды су құбыры тартылады.

«Біздің мақсатымыз – 2026 жылға қарай елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етіп, тұрғындар мен өндіріс орындарын одан әрі тұрақты берілетін сумен қамтамасыз ету. Бұл үшін жаңа гидротехникалық құрылыстар мен су құбырларын салу, қазіргі құ­быр­лар­ды жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып отыр. Елді мекендерге су тарату желілері салынып, ал шалғай ауылдарда жерасты су көзінен сорғы модульдері орнатылып жатыр. Алдымызда әлі де көп жұмыс бар», деп атап өтті Үкімет басшысы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас­қар­ма төрағасы Мағзұм Мырза­ға­лиевтің айтуынша, жобаны іске асыру кезінде қазақстандық өнім өндірушілермен іскерлік бай­ла­­нысқа басымдық берілген. Мәсе­лен, телекоммуникациялық және бақылау жабдықтары, катодты қорғау стансалары мен автономды гибридті қондырғылар, сондай-ақ құбыр өнімдерінің бір бөлігі отандық өндірушілерден сатып алынған.

«Маңғыстау облысындағы Кен­дер­лі кентінде салынатын зауытты жобалау жұмыстары жүр­гі­­зіліп жатыр. Осы кезге дейін ин­женерлік-геодезиялық, инже­нерлік-геологиялық, бати­мет­рия­лық іздестіру жұмыстары, зерт­ханалық және камералық жұ­мыс­тар атқарылды. Болашақта бұл су тұщыту зауыты «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су желісіне түсетін жүктемені азайтады. Ал қайта жаңғыртылған «Астрахан-Маңғышлақ» магис­тралды су құбыры – стратегиялық маңызды нысан. Өйткені Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой ауданының, Маң­ғыс­тау өңіріндегі Жаңаөзен, Бей­неу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған ауданы үшін жал­ғыз орталықтандырылған су көзі болып отыр. Құбырмен кел­­ген суды Маңғыстау облысы тұр­ғындарының – 35, Атырау өңі­рін­дегі тұрғындардың 28 па­йы­зы тұтынады. Жыл сайын тұр­ғын­дар­дың су тұтынуы көр­сеткіші 4-5 пайызға артып келеді», деді М.Мырзағалиев.

«Астрахан-Маңғышлақ» магис­тралды құбырына су Еділ өзенінің сағалық саласы Қиғаштан алынады. Ал Қиғаш – Атырау мен Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының шекарасындағы өзен. Қос өңірдегі тұрғындардың әлеу­метт­ік жағдайын жақсарту, Атырау облысындағы мұнай-газ өндіру және өнеркәсіптік кәсіп­орын­дардың, сондай-ақ «Ұлттық индус­триалды мұнай-химия тех­но­паркі» арнайы экономикалық ай­ма­ғында орналасқан мұнай-химия өн­дірісі жобаларының тоқ­­тау­сыз жұмыс істеуі аталған құ­­быр­мен үздіксіз жеткізілетін сумен байланысты болып отыр. Сол себептен «Астрахан-Маң­ғыш­­лақ» магистралды су құбырын қай­та құру және кеңейту жобасы бел­гі­лен­ген мерзімінен бір жыл бұрын іске қо­сылды.

«Жобаға сәйкес енді су құбы­ры­­ның өткізу қуаты тәулігіне қо­­сымша 60 мың текше метрге ар­­тады. Құбыр арқылы келген су тұрғындарды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласын сумен тұрақты қамтамасыз етеді. Бұл құбырды жаңғырту жұмысы алдағы уақытта жалғасын табады», деді М.Мырзағалиев.

Инфрақұрылымдық жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшы­лы­ғымен «Магистралды су құ­бы­ры» ЖШС жүзеге асырды. Отан­дық мұнай-газ компаниясы был­тыр Маңғыстау облысының «Қаражанбас» кен орнында тест режімінде жерасты қабатындағы суды тұщыту зауытын іске қос­қа­нын атап өткен жөн.

«Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбыры желісінде ұзақ жыл жұмыс істеген ардагер Хамит Қабыловтың айтуын­ша, енді жаңғырту жұмысын Құл­­сары қаласына дейінгі, одан әрі Маңғыстау облысындағы бөлігінде жалғастыру қажет. Өйткені тұр­ғын­дарға да, өндірістік нысан­дарға да су тұрақты жеткізілгені жөн.

 

Атырау облысы