«...Маған Зуһра Шәріпқызы ең жақын, ең қимас дос еді. Біз елу жыл, алты ай, екі күн бірге өмір сүрдік. Ол қайта айналып келмейтін, маңдайға бір-ақ рет жазылатын бақыт», деп Дінмұхамед Қонаев жұбайын еске алған еді.
Қонаева Зухра Шәріпқызы 1918 жылы 31 желтоқсанда Ақмола қаласында татар көпесі, бұрынғы қалалық үкімет басшысы Ялымов Шараф Хусайынұлының отбасында дүниеге келген. 1990 жылы 20 сәуірде қайтыс болды. Ол Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген. Дінмұхамед Ахмедұлының өсиеті бойынша ол да қайтыс болғаннан кейін жұбайының бейітінің қасына жерленді.