Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

Төрт елді мекенге газ берілді

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 832 елді мекеннің 465-і табиғи газбен қамтылған. Биыл өңірде 107 нысан­ның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төрт елді мекенге газ берілді

Оның ішінде 62 нысанның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, 50 елді мекен табиғи газбен қамтылады. Осы ретте кеше Жетісай ауданына қарасты 4 елді мекенге табиғи газ берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 елді мекенді газға қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде аудандағы 105 елді мекеннің 56-сы, яғни тұр­ғындар­дың 53 пайызы табиғи газға қосылған. Одан бөлек, жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аудан әкімінің тапсырмасымен жылдың басында құрылысы басталған 14 табиғи газ беру нысандарының бүгінде жетеуі толығымен қолданысқа беріліп отыр. Қалған үшеуі жыл соңына дейін тапсырылса, келесі жылы тағы 12 елді мекен көгілдір отынның қызығын көреді деп жоспарланып отыр.

Аудандағы газдандыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде мереке қарсаңында Отан елді мекенімен қатар, Жылы су ауыл­дық округіндегі Байқоныс, Сей­фуллин және Әл-Фараби елді мекендері де табиғи газға қосылды.

Сонымен қатар Қызылқұм ауылдық округіндегі Қарасақал елді мекеніне магистралды газ құбырының құрылысы, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға мердігер меке­мені анықтау мақсатында мем­лекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілу үстінде.

 

Түркістан облысы,

Жетісай ауданы