Фото: https://www.iba.sport/
Оңтүстік Африка елінің боксшысы Жабулани Макхенсимен айқасқа түскен жерлесіміздің жеңісіне үш төреші де шүбә келтірген жоқ.
Данияр рингке екі жылдық үзілістен кейін оралып отыр. Ол 2016 жылы Рио жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақта топ жарып, алтын медаль еншіледі.
2017 жылдың қаңтар айында кәсіпқой боксқа ауысты.
Қазақ елінің боксшылары жазғы Олимпиада ойындарында екі мәрте чемпион атануға әлеуеті жете ме деген сауал жиі көтеріледі. Әзірге ондай мүмкіндік осы Даниярдың уысында ғана. Түпкілікті шешім қабылдап, әуесқой боксқа қайта оралса, қыр астындағы Париж жазғы Олимпиадасына қатысудың орайы да туып тұр. Бір емес, екі рет лицензиялық турнир өтеді. Жолдама олжаласа, жолы түсуі бек мүмкін. Бірақ Елеусінов аса ықылас танытып отырған жоқ.
Ал Өзбекстан спортының тарихында бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы атануға екі боксшысы зар күйінде жарап тұр. 51 келіде Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов жүр. Бұл боксшы да кәсіпқой бокстың ауылын көрген саңлақ. Аса ауыр салмақта Бахадүр Жалолов Токио жазғы Олимпиадасында өзбек жұртына алтын медаль тарту етті. Осы екі саңлақ та Париж жазғы Олимпиадасына жолдама еншілеп, алаңсыз әзірлік жүргізіп жатыр.