Фото: mazhilis_kz
«Айгүл Құспан Мәжілісте Қауымдар палатасының Сыртқы істер комитеті жариялаған Орталық Азия туралы баяндамамен мұқият танысқанын айтты. Депутаттар британдық әріптестерінің Орталық Азия өңірімен сауда, қоршаған орта, мәдениет, туризм және өзге де мәселелер бойынша өзара байланысты нығайтуға бағытталған бастамасын құптайды. Өз кезегінде депутат Афзал Хан Британ-Қазақстан ынтымақтастығының қоршаған ортаны қорғау, жоғары білім, муниципалды даму салаларындағы перспективаларына тоқталды», делінген ақпаратта.
Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чохан жергілікті өкілді органдардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Манчестер қаласында еліміздің Бас консулдығын ашуға шақырды.