Спорт • 17 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын жеңіске жетті

2163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз Шавкат Рахмонов америкалық атақты UFC жауынгері Стивен Томсонды 2 раундтың соңғы секундтарында қылқындыру әдісімен жеңіп кетті, деп жазады Egemen.kz

Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Тартысқа толы жекпе-жекте Шавкат Рахманов мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

«Қуаныштымын! Титулға күресуге әбден лайықпын. Өз салмағымдағы белдіктіктің жеңімпазымен жекпе-жекке шығуға дайынмын», деді Шавкат Рахмонов. 

Осылайша отандасымыз 18-0, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.