Спорт • 17 Желтоқсан, 2023

«Сәлем, Шавкат досым». Ағылшын журналисі Рахмоновқа қазақша тіл қатты (видео)

5132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын қылқындыру әдісімен жеңді.  Шавкат жеңісті жекпе-жегінің алдында TNT Sports ағылшын арнасына сұхбат берген еді. Журналист сұхбатты қазақ тілінде бастап, Шавкаттың жүзіне күлкі үйірді, деп жазады Egemen.kz.  

«Сәлем, Шавкат досым». Ағылшын журналисі Рахмоновқа қазақша тіл қатты (видео)

Ағылшын журналисі Ник Пит сұхбатты «Сәлем, Шавкат досым.TNT Sports арнасына қош келдіңіз», деп бастады.

Шавкат журналиске жылы жымиып, қазақ тілінде сәлемдескені үшін алғыс айтты. Ол оның бұл әрекеті өзіне жақсы көңіл күй сыйлағанын да жасырмады.

Ал Ник Пит болса осы сөздерді қазақ тілінде айту үшін біршама уақыт жаттыққанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкатқа отандасымыздың танымал жанкүйері, комментатор Лаура Санко да «Сәлеметсіз бе, Алға, Қазақстан» деп ана тілімізде тіл қатып, қазақ халқының есінде қалып еді.