sports.kz
Америкалық Стивен Томпсонға қарсы айқасқан Шавкат 2-раундтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы жакпе-жекке шыққаны үшін 150 мың, жеңіске жеткеніне тағы 150 мың және демеушілерден 6 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алды. Бұған дейін де бірнеше мәрте әйгілі промоутерлік компанияда сынға түскен жерлесіміз дәл осындай қомақты сыйақы алған емес.