Кино • 19 Желтоқсан, 2023

«Қазақфильмде» фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланған

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақфильмде» фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланған

Фото: rus.team

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.