Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023

Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал саяхатшы-блогер Евгений Плесовских ұшақ бортында босану процесінде барша білу керек мәліметтерді мәлім қылды. Ол қазіргі таңда бортсеріктер (стюард, стюардесса) ұшу кезінде осындай жағдай бола қалса көмектесуге дайын екенін айтты. Блогердің сөзінше барлық авиакомпания қызметкерлері ұшақта жүкті әйелді босандыру жайын арнайы оқып, үйренеді, деп жазады Egemen.kz

Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?

Фото: ашық дереккөз

Жүкті әйелдердің босану мерзімі жақындаған сайын ұшаққа отыруы шектеледі. Десе де күтпеген жерден, уақытынан бұрын толғақ келіп, ұшақта дүниеге келетін сәбилер де бар.

Сандарға сүйенсек, ұшақ бортында жылына 5-6 бала дүние келеді екен. Жүкті ананың баласын құшағына алу үшін бортсеріктер тиісті көмек көрсетеді. Ал баланың азаматтығына қатысты таңдау көп.

Евгений Плесовских әуеде дүниеге келген баланың ата-анасы сәбиінің азаматтығын аларда 3 нұсқа бойынша таңдау жасай алады дейді: 

  • Алғашқысы әуелайнерін шығарған мемлекет;
  • Әуеде ұшу кезінде баланың қай ел территориясында дүниеге келгені анықталып, таңдау сол мемлекетке түседі;
  • Үшіншісі ұшақтың соңғы аялдамасы болған, әуелайнері қонған мемлекет.

Қызығы, ұшақ бортында дүниеге келген балаға әуекомпаниялары өмір бойы тегін ұшу қызметін ұсынып жатады.