Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023

1 орынға 128 үміткер. Жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі басталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 19-23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

1 орынға 128 үміткер. Жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі басталды

Фото: ашық дереккөз

Биылғы іріктеуге 6404 адам немесе резервтегі 1 орынға 128 үміткер қатысты. Көп кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесі бойынша Ұлттық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтетін 100 үздік кандидат анықталды.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50 адам іріктеліп алынады. Олар алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда түрлі жауапты лауазымдарға тағайындалады.

Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы. Резервке іріктеу тек жоғары кәсіби және моральдық қасиеттер негізінде олардың мансабын өсіруге мүмкіндік береді.

аа

2019 жылдан бері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы түрлі лауазымдарға резервтегі 270 жас маман тағайындалды. Олардың 33-і саяси, бесеуі – «А» корпусындағы әкімшілік лауазымдарда қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024