Спорт • 19 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің үздік үштігіне кірді

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды (17-7) мерзімінен бұрын жеңіп, рейтингтегі орнын өзгертті. Ол (18-0) жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің үздік үштігіне кірді

Жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс турнир кестесінде көш бастап тұрса, Рахмонов Гилберт Бернс пен Колби Ковингтонды басып озды.

29 жастағы Шавкат Рахмонов қазір UFC-дегі бірегей рекордқа ие. Ол қатарынан 6 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының барлығын уақытынан бұрын жеңген.