Спорт • 19 Желтоқсан, 2023

UFC Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC Eurasia Instagram-дағы ресми парақшасында қазақ файтері Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

UFC Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды

UFC Eurasia Рахмановқа алдағы уақытта сегізбұрышқа шығатын үш ықтимал жартылай орта салмақтағы ең танымал файтерлерді меңзеп отыр.

Парақша жанкүйерлерге қарата «Шавкат Рахмонов үшін келесі кім?» деп жазба қалдырды.

Nomad-қа олар таңдаған қарсыластар ішінде жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс, белбеудің бұрынғы иесі Камару Усман және титулға үміткер болған Колби Ковингтон бар.