Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 13 млн жолаушыға жеткізу жоспарланып отыр. Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25%-ға артты. Сонымен қатар әуежайларда қызмет көрсетілген жүктердің көлемі де артты. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 130 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 16%. Әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Келесі жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есеге артып, 14 млн адамға дейін қамтыса, Қызылордада 6 есеге артып, 2 млн адамға дейін, Шымкентте 7 есеге ұлғайып, 6 млн адамға дейін қызмет көрсетілмек.
Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше