Фото: Turizm jane sport ministrligi
Жастар құрамасының аталған жеңісінен кейін Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизионында бірден үш құрамамыз – яғни, жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы ұлттық құрама өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Хоккейшілерді жарқын жеңістерімен құттықтаған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев биыл шайбалы хоккейден әр жастағы ұлттық құрамаларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізіп, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайтынын, елімізде шайбалы хоккейдің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Еске салайық, биыл сәуір айында жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элиталы топқа жоғарылаған. Ал ересектер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элиталы топтағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.