Бейбітшілік және келісім сарайында қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы жарияланып, номинациялардың жеңімпаздары марапатталды. Бокстан 75 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» атанды.
Бұдан бөлек:
«Спорт ардагерлері» – Марат Қуанышев, Мерей Ақшалов, Жанат Манашев, Анатолий Храпатый (қайтыс болғаннан кейін);
- «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» – Нұрбек Оралбай;
- «Әйелдер арасындағы жыл спортшысы» – Жәмила Бақбергенова;
- «Әйелдер арасындағы пара спортшы» – Ақмарал Науатбек;
- «Ерлер арасындағы пара спортшы» – Ерғали Шамей;
- «Спорт түрлері бойынша жыл жаттықтырушысы» – Дәурен Оразов;
- «Жыл жаттықтырушысы» – Асқар Еркебаев;
- «Жылдың үздік елордалық федерациясы» – Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы;
- «Ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» – Гүлнәр Базаралиева;
- «Жылдың үздік балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» – Астана әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектерге арналған спорт мектебі» КММ;
- «Жыл серпілісі» – Нұржан Батырбеков және «Жеңіс» футбол командасы;
- «Жыл меценаты» – Дмитрий Инютин, Асхат Мұқашев, Әсет Нұрғожин, Қуаныш Нұртақов номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Әкімдік пен Сортшылар одағы осы іс-шараны бірлесіп өткізу туралы шешім қабылдады. Елордада спорт саласы дамып келеді. Бұл біз үшін ерекше маңызға ие. Спорт адамдарды ғана емес, елдерді де біріктіреді. Спорттың күші міне осы», деді іс-шараның ашылуында Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Іс-шарада Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табысталды.