Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2023

Маңғыстау облысының ғалымдарына қандай қолдау көрсетіледі?

323 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

20 желтоқсанда ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жұмыс сапары аясында өңірдегі ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға облыс тұрғындары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты.

Маңғыстау облысының ғалымдарына қандай қолдау көрсетіледі?

Вице-министр білім саласындағы биылғы қорытындыларға егжей-тегжейлі тоқталып, негізгі жетістіктер мен нәтижелерге шолу жасады. Биыл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық ғылымды дамыту және жоғары білімді жаңғырту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды. Мәселен, Маңғыстау өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орнына, сондай-ақ ел экономикасын дамыту үшін сапалы техникалық мамандар мен кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінді.

«Техникалық мамандарды даярлау басымдығын қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлау шеңберінде техникалық бағыттар бойынша білім беру тапсырысы 60%-ға дейін, ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 10%-ға ұлғайтылды.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жоспары бойынша 10 мыңнан аса төсек орынға арналған 43 жаңа жатақхана қосылды. Маңғыстау облысында – 500 орындық 1 жатақхана пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру үшін 2025 жылға қарай біз жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 5 университеттің филиалдары, оның ішінде, Есенов университетінде Қазақ-Неміс тұрақты инженерия  институты ашылды.

Неміс университеттер консорциумы аясында ашылған жаңа институт Маңғыстау өңірінде техникалық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін мамандарды дайындауға мүмкіндік беріп, сұранысқа ие кадрларды даярлауға, ғылыми зерттеулерге, жаңа технологияларды дамытуға, соның ішінде жасыл сутегі өндірісі саласына өз үлесін қосады.

Жастарды ғылым саласына тарту мақсатында  соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 70%-ға өсті. Егер бұрын гранттық және нысаналы қаржыландыруға арналған байқаулар үш жылда бір рет жарияланса, енді жыл сайын өткізіледі. Гранттық қаржыландыруға арналған жалпы конкурстың көлемі алдыңғы конкурстармен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды», деп атап өтті Дархан Жұмақанұлы.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде «Келешек» бірыңғай ортақ жинақтау жүйесін, сараланған гранттар мен жеңілдетілген кредиттеуді енгізу жөнінде шаралар қабылдануда.

Маңғыстау өңірінің тұрғындары Дархан Жұмақанұлына жастарды ғылымға тарту, аймақтық жас ғалымдарды қолдау және т.б. өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

«Жас ғалымдарды қолдау және талантты жастарды ғылымға тарту біз үшін басым бағыт болып табылады. Өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға байқау жариялады. Байқау «Жас ғалым» ұлттық жобасы аясында жас мамандарды қолдауға бағытталған, оған 86 миллиард теңге бөлінді.

«Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы мен ҚР ғылымын дамыту тұжырымдамасында ғалымдар санын 50%-ға арттыру міндеті қойылды. Бұл кезеңде жас ғалымдарды қолдауға және талантты жастарды ғылымға тартуға басымдық берілуі керек. Постдокторанттарды қолдау мақсатында «Жас ғалым» жобасы шеңберінде мың грант бөлуге конкурс өткізілетін болады.

Сонымен қатар Қазақстанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылды» - деп жауап берді вице-министр.

Есенов университетінің қызметкері Е.Тургенбаев Қазақстанның техникалық мамандықтары үшін гранттарды бөлуде және ресурстарды шоғырландыруда теңгерімсіздік мәселесіне тоқталып, өңірлік университеттерге мемлекеттік гранттардың санын көбейту туралы ұсыныс айтты.

Вице-министр жауабында өңірлерде мамандар даярлау бағытында бөлінетін мемлекеттік гранттар алдағы уақытта мамандар қажеттілігі туралы Атлас бойынша жоспарланатыны туралы бөлісті.

Іс-шара соңында Дархан Ахмед-Заки облыс азаматтарын жеке қабылдап, оларға жоғары білім мен ғылым мәселелері бойынша пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді.