Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға: Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанына 40 күн болды

938 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы ресторандардың бірінде соққыға жығылып, қайтыс болған Салтанат Нүкенованың өмірден қайтқанына 40 күн толды. Оның 40 күндік асы ертең Павлодар қаласында беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға: Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанына 40 күн болды

Салтанат Нүкенованың туыстары марқұмның 40 күндік асы 23 желтоқсанда берілетінін хабарлады.

«Аяулы қызымыз, қарындасымыз Салтанат Нүкенованың өмірден озғанына 40 күн өтуіне орай желтоқсанның 23-і күні сағат 11:00-де «Хатым хана» мейрамханасында ас беріледі», делінген хабарламада.

р

Еске салайық, 9 қараша күні Астанадағы Бау ресторанында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің зайыбы Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан еді. Әйел адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Кейінірек экс-шенеунік ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізілді.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан соң Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар тағы бір адам ұсталды. 15 қарашада Президент Ішкі істер министрлігіне «Бишімбаев ісін» ерекше бақылауға алуды тапсырды.