Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2017

Ұялы байланыс операторы анықталды

6246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алматы қаласындағы 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша дирекция» МҚ-мен әріптестік шеңберінде «Кселл» АҚ спорт нысандарын ұялы байланыспен қамтамасыз ететіні белгілі болды.

Ұялы байланыс операторы анықталды

Өз кезегінде оператор бірыңғай анықтамалық байланыс орталығын іске қосады.

Баспасөз мәслихатында «Қазір кез келген бұқаралық ша­ра­ны табысты өткізу сапа­лы телекоммуникациялық қыз­мет­терді қамтамасыз етусіз елестету мүмкін емес. Телеком­муни­ка­циялар ауқымды аудиторияға хабарлау, ақпараттармен жедел алмасу және шұғыл мәселелерді шешу үшін маңызды. Универ­сиада кезінде ұялы байланыс операторлары желісіне салмақ түсетіні даусыз, ел өз әсерлерімен бөлісіп, мобильдік интернетті белсенді түрде пайдаланады, – деді «Алматы қаласындағы 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша дирекция» МҚ басшысы Наиль Нуров.

Байланыс орталығы барлық ұя­лы байланыс оператор­лары­ның абоненттері үшін бірыңғай 7117 нөмірі бойынша жұмыс іс­тей­­тін болады. Байланыс ор­та­­лы­­ғы тәулік бойына жұмыс режі­мін­­де Универсиаданың қаты­су­­шы­­­­лары мен қонақтарына бар­лық қа­­жетті анықтамалық ақ­па­рат бе­­ре­ді, оның ішіне жа­рыс­­­тар кес­­­те­сі, спорт нысан­дары­­­ның ор­­­на­­­лас­­қан жері, билет­тер­­­­­д­і са­­­тып алу тәсілдері және ба­с­­­­­қа да көп­­теген хабарламалар кіреді.

«Кселл» АҚ бас атқарушы дирек­торы Арти Отстің ай­туын­­ша, барлық жарыс өте­тін барлық орын­дардың теле­­­ком­­­му­ни­ка­ция­лық инфра­құ­ры­­­лымын дайындау үшін күр­делі жұ­мыс жүргізілген. Дыбысты бай­ланыстың және интернеттің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін «Кселл» АҚ инженерлері барлық қажетті шараларды атқаруда. 12 нысанда 4G/LTEтехнологиясын қолдайтын базалық станциялар орнатылған. Олардың қатарында «Сұңқар» тау шаңғысы трамплиндерінің кешені, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені және «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені бар. Төртінші және бесінші нысандар Алматы қаласының Халықаралық әуе­жайы мен «Алматы-1» темір жол вокзалында іске қосылды. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, Атлеттер ауылында, «Халық Арена» және «Алматы Aрена» стадиондарында 2G/3G/4G қолдауымен төрт жаңа базалық станциялар орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көрермендердің барынша көп барады дейтін нысандар үшін компания жоғары жүктеме жағдайларында желі сапасын қамтамасыз ету үшін қосымша 5 мобильдік станция дайындап отыр. Сонымен қатар, Атлеттер ауылында спортшылар мен шетелдік делегация үшін «Кселл» компаниясының арнайы қызмет көрсету орталығы ашылады. Ол жерде ағылшын тілінде де қолайлы және жайлы қызмет көрсетіледі.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ