24 желтоқсанда Алматы, Астана, Риддер, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау қалаларында ауаның ластануы сипатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
«Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін», делінген хабарламада.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).