
«25 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.