Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2023

Үш облыс аумағы автожолдарында көлік қозғалысы шектелді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде ауа райы қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш облыс аумағы автожолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ақмола облысында - 3 учаске: 1. «Астана-Петропавл» автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қ. («КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км. 2.«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 16-200 км, Астана қ.- Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км. 3. «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.

Қарағанды облысында - 1 учаске: 1. «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.

Павлодар облысында - 1 учаске: 1.«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 205-259 км, Ақмола облысының шекарасынан - Шідерті ауылына дейін – 54 км.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта 621 бірлік техника республикалық маңызы бар автожолдарда жұмыс істеп жатыр.