Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы қаңтарда жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болған экс-мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

Мәди Ахметов Алматы облысы әкімінің өкімімен аталған облыстың жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ол әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі Менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі болған.