Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023

Елімізде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес биыл қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Биыл пайдалануға берілген баспана саны күрт көбейгенін байқауға болады. Мәселен, жыл басынан 100 мыңнан астам пәтер сатылды.

Мамандардың айтуынша, бұл 2019 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Ал былтырмен салыстырғанда 35 пайызға, яғни 26 мыңға көп.

Тұрғын үй нарығының сарапшылары ұсыныстың артуы шаршы метр бағасының арзандауына әсер етуі мүмкін деген байламға келді. Бүгінде тұрғын үйлер көптеп салынып жатса да, халыққа тиімді бағдарламаның жоқтығынан сауда көлемі едәуір азайған. Бұл да бағаның арзандауына себеп болмақ.