Биыл Қазақстан құрамасы Еуро-24 іріктеу кезеңінің 2 турында Данияға қарсы жасыл алаңға шыққан еді.
Кездесуде 3:2 есебі тіркеліп, Ұлттық құрама бұл ойынды жеңіспен аяқтады.
Жеңіске жақындатқан голды ойынның 86 - минутында құрама капитаны Асхат Тағыберген салған еді.
УЕФА-ның техникалық қадағалаушы мамандары бұған дейін құрлықтық доданың іріктеу сатысындағы үздік он голды анықтаған еді. Олар Асхат Тағыбергеннің алыстан соққан голын сегізінші орынға лайықты деп таныды.
Алайда жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша отандық футболшының голы бірінші орынға шықты.
Екінші және үшінші орындарға Албания құрамасының ойыншылары Ясир Асани мен Кристьян Асланидің соққан голдары лайықты деп бағаланды.
Айта кетейік, Асхат Тағыберген маусым қорытындысы бойынша үздік гол авторына берілетін «Пушкаш» трофейіне де үміткерлер қатарында бар.