Бокс • 26 Желтоқсан, 2023

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жаңа атаққа ие болды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі жылды қорытындылап, үздік спортшыларды марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жаңа атаққа ие болды

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Президенттік орталықтағы салтанатты марапаттау кешінде байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатқан спортшылар 18 номинация бойынша марапатталды.

Марапаттау рәсімінде бокстан Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болды. Марапатты ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы табыс етті.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан - бес дүркін ел чемпионы, Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы және Жастар арасындағы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ал ересектер арасында Азия чемпионатында 2-орын, 2021 жылы Әлем біріншілігінде де финалда сүрініп, күмісті қанағат етті. Биыл бұл белесті бағындырып, Ташкент төрінде ринг қожайыны Айбек Жораевты айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы (54 келі) атанды.
 
аа