Фото: gov.kz
«Прокуратураның басым бағыттарының бірі инвесторлардың мәселелерін тиімді шешу және олардың құқықтарын қалпына келтіру. Осы жұмыс аясында елорда прокуратурасы кәсіпкерлер палатасының алаңында 350 жұмыс орны ашылатын құны 6 млрд теңге болатын сауда орталығын салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестормен кездесу өткізді. Энергия беруші компания инвесторға ұзақ уақыт бойы электр желілеріне қосылудың техникалық шарттарын бермегендігі анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі тұлғаларға нақты ұсыныстар айтылып, кәсіпкердің түйткілді мәселесін шешу талқыланды. Нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен мәселе шешіліп, инвестор қажетті құжатты алды. Инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда және прокуратура басшылығының бақылауында», деп жазылған ақпаратта.
Астаналық инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында прокуратурада мобильді топ жұмыс істейді.