Әлем • 28 Желтоқсан, 2023

Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алған. Ал мысырлық пирамидалардан біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған «Жаңа жылдың басы» деген жазуы бар ыдыс табылған. Бұндай қызықты деректер bilim-all.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.  

Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке

Жаңа жылды ежелгі халықтар алқаптағы жұмыстар басталатын наурыз айында мерекелеген. Сондықтан ежелгі римдіктер наурызды жылдың алғашқы айы санаған. Біздің заманымызға дейінгі 46-жылда Рим императоры Юлий Цезарь 1 қаңтарға ауыстырған. Оның атымен аталған Юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға таралды.

Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынып, 1937 жылы Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілген.

Францияда 755 жылға дейін Жаңа жыл – 25 желтоқсан саналып, 1564 жылдан бастап ІХ Карл патшасының бұйрығымен жыл басы ретінде 1 қаңтар белгіленген екен.

Англияда Жаңа жыл 25 наурыз тойланып, 1752 жылы ғана 1 қантарға ауыстырылған.

Қытайда Жаңа жыл қаңтар айының аяғы – ақпан айының басында мерекеленеді. Көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, мереке салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Аталған елде Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады.