Фото: видеодан скрин
Хабар барысында Жәнібек көзіне жас алып қалды.
Осыған қатысты Жәнібекке анасын табуға ақпараттық және жан-жақты қолдау білдіріп отырған журналист Қымбат Досжан пікірімен бөлісті.
«Әйел құжаттағы аты-жөнді ойдан құрастырып жазып кеткенін мойындап отыр. Өкініштісі сараптама нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты. Ресми құжаттағы бүкіл мәліметті мойындап, қабылдап отырған адамның сынама нәтижесі бұлай шыққаны түсініксіз жағдай. Екінші күдігіміз: перзентханада немесе Жәнібек 2 жыл бойы тәрбиеленген Балалар үйінде балалар ауысып кеткен. Енді сұрақ – бала ауысып кетсе, біз тауып отырған Жазираның ұлы қайда?!», деп түйіндеді хабардың жүргізушісі Қымбат Досжан.
Сонымен қоса табылған келіншек Арқалықтың адамы емес, Арқалыққа басқа жақтан бір танысының үйіне барғанын және бейресми деректерде айтылып жүрген «Әсел» деген адамның жалған екенін айтқан.
Жәнібек теріс нәтижеге қарамастан іздеуді жалғастыруға бекініп отыр. Бағдарлама ұжымы да табылған келіншек пен Жәнібек басқа клиниканың лабораториясына екінші рет тест тапсыруға келісім беріп отырғанын айтып, іздеу жалғасатынын хабарлады.
Айта кетейік, құрметті оқырман, осы оқиғаға қатысты білетін мәліметтеріңіз болса, «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77713219786.