
Елдегі ауа райына Атлант циклонының шұңқыры және атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етеді. Олардың әсерінен елімізде жауын-шашын жауып, солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында қалың қар жауады.
Сондай-ақ бірқатар өңірде синоптиктер желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп болжап отыр. Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.