Фото: @Pavlodarnews.kz
«Бұл бірлескен қаулы мен шешім жобасы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес енгізілді. Елді мекендерді қайта атау мәселесі биыл 23 қарашада облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, оң қорытындыға ие болды», деді Медет Тауасқан.
Аталған актіге сәйкес Павлодар қаласының Ленин кенті – Атамекен кенті, Железин ауданының Озерное ауылдық округі мен ауылы – Майлы, Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі – Жаңа бет, Федоровка ауылдық округі мен ауылы – Томарлы, Верненка ауылдық округі – Алтай ауылдық округі, Львовка ауылы – Алтай ауылы, Воскресенка ауылдық округі мен ауылы – Әулиеағаш, Березовка ауылы Аққайың ауылы және Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады.
Облыстық мәслихат елді мекендердің аталған атауларын бірауыздан қолдады.