Әлем • 29 Желтоқсан, 2023

Каспий теңізінің Әзербайжандағы бөлігінде жер сілкінді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Каспий теңізінде жер сілкінгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Каспий теңізінің Әзербайжандағы бөлігінде жер сілкінді

28 желтоқсан күні Каспий теңізінің Нардаран станциясынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде 16 шақырым тереңдікте жер сілкінісі болды. 

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:28-де магнитудасы 3,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді.