Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 29 желтоқсан күні сағат 13:25-те республикалық тас жолдың 396-шы шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 көлік: төрт жүк көлігі, үш ГАЗель және тоғыз жеңіл көлік соқтығысқан.
Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам зардап шекті, ол Ақкөл орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Оқиға орнынан бес адам эвакуацияланды, олардың ішінде 2022 жылы туған бала да бар.
Полиция Ақмола облысындағы жолдардың 41 учаскесі жабылғанын хабарлады.