Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оларға тұрып тұратын орындар ұсынылды. Көкшетау, Қарағанды, Павлодар т.б. қалаларға жақын бағыттар бойынша Астанадан қосымша 2000 орынға дейін ұлғайтылды.
Жалпы, жаңа жылдық мерекеге 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың орынға дейін ұлғайту ұйымдастырылған.
Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт өскенін ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сапарлаудан бас тартуды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
Қолайсыз ауа-райы кезінде теміржол көлігі жолаушыларды тасымалдаудың бірден-бір қолжетімді баламасы болып қала береді. Себебі автомобиль қозғалысы мен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстары жол учаскелеріне шектеулер енгізілгені мәлім болып отыр.