https://kaztag.kz/
«Бүгін сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейстер ұшып, 10 рейс ұшып келді. Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуекомпания Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді. Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейсі кешікті және 20 рейсі орындалмады. Дубайда 200 жолаушысы және Ыстанбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады», делінген ақпаратта. Компания басшылығы қолайсыздыққа түсіністік танытқан жолаушыларға алғысын жеткізді.